Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысының әкімдігі мен «Viamedis» компаниясы арасында Қосшы қаласында 1000 келушіге арналған емханасы бар 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысын салу туралы меморандумға қол қойылды.
«Viamedis» ЖШС-тің басшысы Әсет Ахметовтың айтуынша, емханасы бар жаңа көпсалалы облыстық аурухана Қосшы қаласы мен оған жақын 6 аудан тұрғындарына барлық қажетті медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ ата-аналар бөлімі, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге арналған патология және онкологиялық көмектің толық кешені болады. Кадрларды тарту үшін 96 пәтерлі үй мен пансионат салу жоспарлануда.
«Халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету – денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан Мемлекет басшысының көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін барлық шараларды қабылдау қажет. Жаңа медициналық мекеменің іске қосылуымен ақмолалықтардың сапалы ем алуы қолжетімді болады», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, іс-сапар аясында әкім Тайтөбе ауылындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы аллеяның абаттандырылатын орнында болды. Нысан Рейхстагқа Жеңіс туын алғаш тіккен батырдың 100 жылдығына орай салынады деп жоспарлануда.
Соңында облыс әкімі қала активімен кездесіп, өзекті мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берді, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.