Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 16 желтоқсан күні Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Герцен ауылының маңында, "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша Volvo мен Toyota Alphard көліктері соқтығысқан.
Жол апатында ауыр жарақат алған үш адам сол жерде көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір полиция тергеуді бастады, - деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаменінен.