| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанайда агросекторға бөлінген мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қостанай қаласында «Beef Export Group» ЖШС басшысы Пархоменко жетекшілік еткен қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты.
Тергеу мәліметінше, топ мүшелері жалған құжаттар рәсімдеу арқылы агроөнеркәсіп кешеніне арналған мемлекеттік субсидияларды заңсыз алып отырған.
Қылмыстық әрекеттер салдарынан мемлекетке 3 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Күдіктілердің бір бөлігі 107 миллион теңгеден астам қаржыны ерікті түрде қайтарған.
Сот шешімімен топ жетекшісі 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыстық топтың 14 мүшесіне 6 жылдан 10 жылға дейін жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, жалпы құны 3 миллиард теңгеден асатын мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.