Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қостанайда дәрігерді ұрды деп айыпталған азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Қостанайда дәрігерді ұрды деп айыпталған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

10.10.2025
1 мин
0
109
Сурет: istockphoto

Қостанайда дәрігерді ұрды деп айыпталған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қостанайда уролог-хирург Антон Кистановты соққыға жықты деп айыпталған 34 жастағы ер адамға қатысты Қостанай қаласының №2 соты үкім шығарды. Сот оның кінәсін ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) дәлелденген деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеу үшін белгіленді.

Сотталған азамат 2025 жылғы 17 шілдеден бастап тергеу изоляторында болған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, изолятордағы бір күн жазаны өтеудің екі күніне теңестіріледі. Осыған байланысты оның нақты өтеуге тиісті мерзімі шамамен 12 күнді құрайды.

Сонымен қатар сотталған азамат жәбірленушілердің өтемақы қорына 39 мың теңге және жәбірленуші Антон Кистановқа 2,5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Азаматтық талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Судья Анара Шаймұрынованың айтуынша, сотталушы жәбірленушінің ерін тұсынан соққы жасаған. Бұл соққының өзі ауыр жарақатқа жатпайды, алайда соққы салдарынан дәрігер құлап, басын қатты соғып, ауыр жарақат алған. Жарақаттардың жиынтығы сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша "ауыр" деп танылғанымен, сот айыпталушының қасақана әрекет етпегенін, оқиға абайсызда болғанын атап өтті.

Сотталушының әрекеті абайсызда жасалған құқықбұзушылық ретінде бағаланып отыр. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза – 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Алайда сот жаза тағайындау кезінде сотталушының кәмелетке толмаған үш баласының барын ескеріп, жаза мерзімін қысқартқан.

Судьяның айтуынша, сотталушы кінәсін мойындағанымен, өкіну сезімін көрсетпеген. Ол оқиғаға дәрігерді кінәлаған және жәбірленуші бұл жағдайға өзі себепкер болды деген уәж айтқан. Алайда сот Кистановтың кәсіби этиканы сақтағанын және пациентке арандатушылық әрекет жасамағанын атап өтті. Істе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл