Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанайлық волонтерлер су тасқыны кезінде 200-ден аса ит, мысықты және 100-ге жуық тауық пен қоянды құтқарды. Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Еріктілер күні-түні көз ілмей, айналаны дронмен бақылап жүр. Табылған үй жануарларын жануарларға арналған баспаналарға орналастырып, медициналық көмек қажет жануарларды ветеринарлық клиникаларға жеткізіп жатыр.
«Үй жануарларын жоғалтқан Қостанай облысының тұрғындары «Green help» қоғамдық бірлестігінің еріктілеріне жүгініп, оларды жануарларға арналған баспаналардан алып кете алады», - деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Өңірлерді аралаумен қатар, «Green help» қоғамдық бірлестігі Астанада гуманитарлық көмек жинауда. Зардап шеккен жануарларға арналған баспаналарды қолдау үшін өңірлерге 457 кг жануарлар азығы жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жалпыұлттық жобасы «Green help» қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылып жатыр.