Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық артып жатыр. Бұл жайында Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еліміздің делегациясы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің басшылығымен Люксембургте өткен Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық кеңесінің 21-ші отырысына қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы келісім мәтінінің редакциясына қол қойылды. Қазақстан тарапынан келісімге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Еуропалық тараптан Еуропалық одақтың көлік және ұтқырлық дирекциясының Халықаралық авиация жөніндегі саясат офицері Брайан Саймон қол қойды.
Бұл рәсім қол қоюға келісімді дайындау үшін түпкілікті қадам және болашақта Қазақстанға тікелей рейстерді ашуда Еуропалық Одақтың барлық елі үшін құқықтық база болып саналады. Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы әуе қатынасын дамыту бөлігінде ынтымақтастықты нығайтады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың 5 елімен (Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) тікелей әуе қатынасы орнатылды және аптасына 2 қазақстандық және 3 еуропалық әуе компаниямен 34 әуе рейсі ұшады. Жаз мезгілінде елдер саны 6-ға (Греция) артады. Бұл ретте тараптар арасындағы әуе қатынасын кеңейту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Орта мерзімді перспективада қазақстандық әуекомпаниялар Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашуды жоспарлап отыр.