Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Диляра Аленова ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dauletten.kz, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.
«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.