Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҚТЖ банкроттықтың алдында тұр – Смайылов
Жаңалықтар

ҚТЖ банкроттықтың алдында тұр – Смайылов

12.06.2024
1 мин
0
495
Фото: ҚТЖ

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» компаниясы банкроттық пен дефолттың аз-ақ алдында тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dauletten.kz.

Оның айтуынша, ҚТЖ-ның барлық шығыны негізінен транзиттік табыс есебінен жабылады. Ал бұл – экономикалық жағынан қисынсыз.

«Бірде-бір кәсіпкер өз қызметін қайырымдылық принципі бойынша жүзеге асыруға мүдделі емес. Бұл – банкроттыққа апаратын төте жол. Бүгінде ҚТЖ өз міндеттемелерін толық төлеуге қабілеті жоқ және кредиттік тәуекелдің «қызыл» аймағында тұр. Оның борышы 2024 жылдың басында 2,9 трлн теңгені құрады және әлі де өсіп жатыр. Жалпы борыштың 45%-ы немесе 1,3 трлн теңгесі бұрын алынған борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған», - дейді Смайылов мәжілістің жалпы отырысында теміржол саласына жүргізілген аудит қорытындысын баяндап.

Оның пікірінше, қаржылық және техникалық жай-күйді сауықтырудың нақты мерзімдерін айқындап, ҚТЖ компаниялар тобының шығындарын оңтайландыру қажет.

«Бұл ретте, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қазіргі корпоративтік басқару әдістері мен даму стратегиясы еліміздің Ұлттық теміржол компаниясының дағдарысын болдырмауға қабілетсіз. Басқаруда түбегейлі өзгерістер жасалмаса, активтердің жай-күйінің нашарлауы, берешектің өсуі және оларды уақытылы қайтару мүмкіндігінің болмауы ҚТЖ-ны дефолтқа ұшыратады», - деп мәлімдеді ЖАП төрағасы.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл