Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы 1 қыркүйектен бастап коронавирусқа байланысты барлық бағытта пойыз қатынасы тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде ондаған бағытта билет сатуды тоқтату туралы құжаттың көшірмесі тарады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Атырауға, Қостанайға, Арқалыққа, Орал, Маңғыстау мен Өскеменге билет сатылмайтыны жазылған. Мұны коронавирустың өршуімен байланыстырған.
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясына қарасты "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық бағытта пойыз қатынасы тоқтылмайтынын мәлімдеді. Ал бірнеше бағыттың тоқтатылуына коронавирустың ешбір қатысы жоқ.
"Ұлытау облысына көлік қолжетімділігін дамыту мақсатында қыркүйектен бастап Жезқазған бағытында Тальго пойыздары жіберіледі. Ал теміржол учаскелерінің өткізу қабілеті шектеулі. Оған қоса, Тальгоның коммерциялық пойыздары субсидияланатын бағыттарға ауыстырылады. Осыған байланысты кейбір бағытта жол жүру билетін сату уақытша тоқтатылған болатын", - дейді компания мамандары.
Әлеуметтік желіде тараған құжат көшірмесіндегі пойыздарға билет сату кезең-кезеңмен қайта ашылып жатыр. 26 шілдеге дейін барлығы толығымен қайта қатынайды.
Тағы көру