Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құран кітабын өртеу: БҰҰ қандай шешімге келді?
Жаңалықтар

Құран кітабын өртеу: БҰҰ қандай шешімге келді?

26.07.2023
1 мин
0
914
Фото: Kena Betancur

БҰҰ Бас Ассамблеясы қасиетті кітаптарды қорлау жөніндегі кез-келген актілерді айыптайтын және мұндай әрекеттерді халықаралық құқық нормаларын бұзу деп танитын қаулы қабылдады, деп хабарлайды Dauletten.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Марокко бастамашы болған құжатты БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдады. Қаулыда атап айтқанда, «адамдарға қатысты барлық зорлық-зомбылық актілері діни көзқарастары немесе сенімдері негізінде, сондай-ақ олардың діни рәміздеріне, қасиетті кітаптарына, үйлеріне, кәсіпорындарына, мүлкіне, мектептеріне, мәдени орталықтарына немесе ғибадат ету орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекеттері, сондай-ақ діни орындарға жасалған барлық шабуыл» қатаң түрде айыпталады.

Сондай-ақ құжат авторлары мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранға қарсы арандатушылықты айыптауға шақырып, оларды «діни өшпенділік актілері» деп сипаттады.

25 шілдеде Копенгагендегі Египет және Түркия елшіліктерінде Құранды өртеу акциясы өтті. Дәл осындай акция бір күн бұрын Ирак елшілігінің алдында да өткен. Мұсылман жетекшілері мен саясаткерлері мұндай арандатушылықтардың сөз бостандығы туралы заңдарда қамтылмайтынын баса айтты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл