Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде құрылыс саласына салынатын инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 45,9%-ке төмендеп, 38,5 млрд теңге болды. FinProm мамандарының айтуынша, бұл осы кезге дейінгі ең төменгі көрсеткіш.
Еліміздің 17 өңірінің 13-інде инвестиция мөлшері азайған. Алдыңғы қатарды Атырау облысы тұр. Бұл өңірде қаржы 7 млрд теңгеге қысқарған.
Ал 2020 жылы құрылыс саласында ауқымды инвестиция Алматы қаласында байқалады. Өсім 7,7 млрд теңге. Сонымен қатар, Павлодар, Түркістан және Қостанайда инвестициялық өсім жоғары.
Құрылысты қаржыландырудың негізгі көзі – бизнестің жеке қаржысы. Бұған дейін Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикадағы құрылыс бағасының төмендейтінін айтқан. Бұл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктердің есебінен жүзеге асырылады.