Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда құрылыс сапасына бақылау күшейеді. Осы мақсатта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Бірыңғай құрылыс порталын әзірледі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жүйе құрылыстың барлық қатысушыларын бірыңғай цифрлық ортада шоғырландыруға мүмкіндік беріп, жұмыс сапасын қадағалауға зор ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар портал жобалау-сметалық құжаттарын ведомстводан тыс сараптама порталынан автоматты түрде алып, барлық құрылыс құжаттарын цифрлық (актілер, журналдар, нұсқамалар) рәсімдеуге мүмкіндік береді.
«Қазіргі күнде жүйеге елімізде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы деректер базасы жүктеліп, сарапшыларды тестілеу бойынша модульдер іске қосылды. Жүйе тест тапсырушы маманды автоматты түрде тексереді. Осы арқылы тест тапсыруы тиіс маманның орнына басқа адамның кіруінің алдын алады. Техникалық қадағалау ұйымдары ЭЦҚ арқылы құрылыс барысы туралы мәліметтерді және фотоматериалдарды тіркей отырып, ай сайын есеп береді. Бұл мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына салынып жатқан объектілерге камералдық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұдан өзге, ИИДМ жауапты мемлекеттік органдар тарапынан құрылысқа бақылауды күшейтуді де жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда осы тараптағы заңнамаға тиісті түзетулер енгізілуде.
Министрліктің бұл бастамасы сапасыз құрылыс жұмыстарының алдын алуға, құрылысы сын көтермейтін нысандарды пайдалануға және қабылдауға тосқауыл қояды», делінген хабарламада.