Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сақалды құрылыстар қашан аяқталатынын айтты.
Құрылысы ұзаққа созылған нысандар кезек бойынша жанданып жатыр. Тоқтап тұрған тұрғын үй кешендерін аяқтау бойынша ауқымды жұмыс жүруде. 150 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 90-ы аяқталды. Қалған 60 нысанды биыл және келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгін қаланы аралау барысында «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен таныстым, - деп жазды қала әкімі Instagram -да.
Әкім құрылысы ұзаққа созылған бұл нысанда 300-ден астам үлескер отбасы бар екенін айтады. Олардың бәрі жылдар бойы баспаналарын күтіп келеді.
Бұл нысанды аяқтау үшін инвестор жұмылдырылғаны атап өтіледі.
Витраждарын, терезелерін орнату, ішкі желілерді жүргізу жұмыстары жүріп жатыр, бір жерінде жабынын төсеу, сол сияқты монолитті жұмыстар және т.б. Тұрғын үй кешенін биыл аяқтау жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 16 мың үлескердің 13 мыңының проблемасы шешілді. Дегенмен әлі де 3 мың үлескер отбасы бар. Олардың үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шара жоспары бар, деп сөзін түйіндейді Көлгінов.