Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың жалақысын өсіру мәселесіне тоқталды.
"Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеру бойынша тапсырма берді. Біз бұл мәселені қыркүйек айынан бастап орындауымыз керек. Тиісті талдау жұмыстары жүргізілді және оған мүмкіндік бар. Бұл мәселені бірінші қыркүйектен жүзеге асыруды тапсырамын", - деді Аймағамбетов.
Отырыс барысында білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жалақыны көтеру бойынша жоғары оқу орындарының тиісті жұмыс атқарғанын атап өтті.
"Барлық жоғары оқу орны 2018 жылмен салыстырғанда 2019-2020 оқу жылында оқытушылардың жалақысын орташа есеппен 20%-ға көтерген болатын. Ал 2020-21 оқу жылында шамамен 32%-ға көбейеді деп жоспарланып отыр", - деді Тойбаев.
Тағы көру