Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады
Жаңалықтар

Қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады

14.08.2023
2 мин
1
1123
Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында 800 теңгені құрайды.

«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады», - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Айта кетейік, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жазира 14.08.2023
Кеш жарық, Даулет мырза! Мен жекеменшік мектептерге осы тегін тамақ берілмейтіндігі туралы білгім келеді! Аудандық білім бөлімінен қандай да бір тапсырма берілсе “бала мемлекеттің баласы” , “Сіздер барлық талаптарды орындауға міндеттісіздер” деп айтылады, алайда осындай әлеуметтік көмек туралы әңгіме қозғалған кезде Сіздер жекеменшік мектепсіздер, Сіздерге әлеуметтік көмек қарастырылмайды,- деген жауапты алып жатамыз!!! НЕГЕ??? Біздің мектепте мемлекеттік стандартты білімді тегін оқып жатқан оқушыларымыз өте көп. Неге олар өздеріне тиесілі ыстық тамақпен қамтылмайды!!! Жоғарыдағы айтылғандарға сүйенсек, мемлекет ушін барлық баланың құқығы тең емес пе? Сіздің іскерлігіңізге сенемін, және осы мәселені Республикалық деңгейде көтеріп, оң шешімін табуға өз үлесіңізді қосарсыз деп сенеміз! Сарыағаш ауданы!
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл