Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тапсырыс па, кек пе?: Берденовке оқ атылуының себебі
Жаңалықтар

Тапсырыс па, кек пе?: Берденовке оқ атылуының себебі

22.04.2025
1 мин
0
1193
Сурет: forbes

21 сәуір күні кешкісін Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқиға шамамен сағат 20:30-да болған. Берденовтің оң жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған шұғыл ота жасап, қазіргі уақытта өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шымкент полициясы бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бейресми деректерге сүйенсек, шабуыл жасаған адам 1994 жылы туған және Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-інде жұмыс істеген болуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде шабуылдың себептері жайлы түрлі нұсқалар тарауда. Олардың бірінде Берденов күдіктінің әйеліне қырындаған деген болжам айтылған. Алайда Шымкент әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— Әлеуметтік желілер мен медиада шабуыл Руслан Берденовтің бір әйелге қырындауымен байланысты деген жалған ақпарат тарады. Біз бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз, — деді әкімдік.

Telegram-дағы "Чемодан Госсекретов" арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, шабуылдың басты себебі – жеке бас араздығы болуы мүмкін екенін жазды. Олар бұл оқиғаның бизнеске немесе тапсырыспен жасалған қылмысқа қатысы жоқ екенін айтады.

Алайда танымал блогер Бейбіт Әлібеков жағдайға өз көзқарасын білдіріп, шабуыл Берденовтің Шымкенттегі құрылыс саласындағы әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін деген пікір білдірді.

— Меніңше, бұл оқиға қаладағы құрылыс саласына тәртіп орнату әрекеттерімен байланысты. Бұған букмекерлердің қатысы бар дегенге сенбеймін. Бүгін ғана осы мәселеге қатысты қатаң жиналыс өткен болатын. Маған Русланды бопсалағандар болғаны туралы ақпарат келді, — деп жазды Әлібеков.

Қазіргі уақытта Руслан Берденовтің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл