Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қытай футбол қауымдастығының экс-төрағасы Чэн Сюйюань пара алғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл үкімді Қытай Халық Республикасының халық соты шығарды, деп хабарлайды Синхуа порталы.
Бұрынғы шенеуніктің барлық жеке мүлкі тәркіленіп, пара алудан түскен заңсыз кіріс мемлекет қазынасына қайтарылды.
Чэн Сюйюань 2010-2023 жылдар аралығында Шанхай халықаралық порт корпорациясы (тобы) мен Қытай футбол қауымдастығында басшылық қызметтер атқара жүріп, жалпы сомасы 81 миллион юаньнан астам пара алған.
Қытай футбол қауымдастығында болған кезінде ол бірқатар футбол клубтары мен жергілікті футбол қауымдастықтары үшін матчтарды ұйымдастыру, лиганы ілгерілету, төрешілерге айыппұл салу және басқалары сияқты мәселелерде заңсыз артықшылықтарға жол беріп, әділ бәсекелестік пен ұлттық футболға үлкен зиян келтірді.