| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық кітапшаларды онлайн бақылауға ауыстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі e-SEN платформасында «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервисін іске қосып, қызметкерлердің медициналық кітапшаларын цифрлық түрде бақылауды бастады. Жүйе автоматты түрде жұмысқа рұқсат мерзімінің аяқталатынын хабарлап, инфекциялық аурулардың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның барлық өңірінде енгізілген жаңа цифрлық жүйе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен бизнес субъектілерін бір платформаға біріктіреді. Қазіргі таңда жүйеде 178 146 бақылаудағы объект және 95 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілер тіркелген, ал 104 мыңнан астам пайдаланушы платформа арқылы бақылауда.
Жүйе объектілерге бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 2025 жылы кәсіпкерлермен өндірістік бақылау бойынша 10 194 есеп жасалып, 731 ұсыным берілген.
СЭҚ СБӨ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілген, деректер нақты уақыт режимінде алмасады, қағаз құжат айналымы толығымен жойылды. Талдамалық дашбордтар өңірлер рейтингін қалыптастырып, рұқсатсыз объектілерді анықтауға және тексерулерді қауіп деңгейіне қарай жоспарлауға көмектеседі.
2026–2027 жылдары жүйеге санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйдің толық тарихы бар цифрлық паспорт енгізілетін болады. Азаматтар қоғамдық тамақтану, білім беру және қызмет көрсету саласындағы объектілердің санитарлық жағдайын көре алады, ал бизнес субъектілері өз хабарламаларын, актілерін және нұсқамаларын жеке кабинет арқылы электронды түрде ала алады.
Жоба санитариялық қауіптердің алдын алуға және бақылау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.