Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Sovico Group вьетнамдық компаниясы Қызылорда әуежайына қызығушылық білдіріп, келіссөздер жүргізуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аймақтың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астанада Қызылорда облысының әкімдігі мен шетелдік холдинг арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұл құжатқа облыс әкімдігі мен Қазақстанның Көлік және Сыртқы істер министрліктері қолдау көрсеткен. Сол келісім аясында тараптар “Қорқыт Ата” әуежайын сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеген.
Меморандумда авиациялық инфрақұрылымды дамыту, жүк тасымалын ұйымдастыру, сауда-логистикалық орталық пен туризм нысандарын салу салаларында ынтымақтастық көзделген.
- Бұл халықаралық ірі компаниямен әріптестік Qazaq Air әуе кемелерінің базасын Қызылордада ашуға, жүк тасымалын ұйымдастыруға және жаңа әуе рейстерін іске қосуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады басқарма.
Сонымен қатар, ведомство келіссөздердің қазіргі жағдайы туралы түсінік берді.
- Қорқыт Ата әуежайының әкімшілігі мен шетелдік холдинг арасында әуежайды сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру шарттары талқылануда. Әуежайды беру бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, – деп мәлімдеді басқарма.
Осылайша, ведомствоның деректеріне сәйкес, Қызылорда әуежайын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау процесі әлі аяқталған жоқ.