Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз аңшылық жасап, көлікпен киіктерді қуып, жануарлар табынына оқ атқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары олардың көлігін тоқтатқан кезде, көлік ішінен 30-дан астам киіктің еті мен 5 киіктің басы табылған.
Сараптама нәтижесінде мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келгені анықталған.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталған екі адамның қару мен көлікті қолданып, жануарларды заңсыз аулау арқылы айтарлықтай зиян келтіргенін анықтады (ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2-тармағы).
Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.
Бір сотталушының құқық қорғау қызметкері ретінде антын бұзып, құқық бұзушылық жасағаны оның жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылған.
Сот екі сотталушыны ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп тауып, оларды 7 және 8 жылға аңшылық жасау құқығынан айырып, тиісінше 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Сот олардың ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығынды өтеуін міндеттеген.
Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырған.