Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордада құлдықта болған оқушы қызға қатысты жаңа деректер
Жаңалықтар

Қызылордада құлдықта болған оқушы қызға қатысты жаңа деректер

12.11.2024
1 мин
1
729
Сурет: egemen.kz

Қызылордада құлдықта болған оқушы қызға қатысты бопсалау ісі жабық түрде қаралды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сотта қылмыстық істің тек бір эпизоды қаралған. Ресми ақпаратқа сәйкес, сотталушы Т. кәмелетке толмаған жәбірленушіні ар-намысын қорлайтын мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, 700 мың теңге талап еткен, сондай-ақ сөмкесінен 35 мың теңге ақшасын алып кеткен.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, сотталушының кінәсі психологиялық-психиатриялық сараптама, оқиға орнын қарау, беттестіру хаттамалары және жәбірленушінің айғақтары арқылы дәлелденген. “Сот үкімімен Т. бопсалау бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған,” – делінген хабарламада.

Сот сотталушының бұрын сотталмағанын және оның жасын (21 жас) жеңілдететін жағдай ретінде есепке алып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айнур 12.11.2024
Аз жыл берипти
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл