Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордалық оқушы қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты
Жаңалықтар

Қызылордалық оқушы қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты

27.03.2025
1 мин
0
485
Сурет: fcrso.ru

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы №286 орта мектептің 6-сынып оқушысы Нұрсері Айтжан адам өмірін қорғауға арналған қауіпсіз лифт жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Басылымның мәліметінше, Қазақстандағы лифттердің әр төртіншісі қауіп төндіреді. Олардың көпшілігі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді, ал жалпы лифттердің қауіпсіздігіне ешкім толық кепілдік бере алмайды.

Қызылордалық оқушының жобасында қауіпсіздік мәселесі басты назарға алынған.

- Қазіргі лифт тростары әлсіз, егер олар үзіліп кетсе, адамның аман қалуы қиын. Сол себепті мен автокөліктердегі сияқты қауіпсіздік жастығын орнатуды ұсындым. Егер қандай да бір ақау орын алса, жастық ашылып, адамды қорғайды, – дейді Нұрсері Айтжан.

Оқушы көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Өркен Ақбаев, Құдабай Тастанбеков, Ерлан Райымбек және робототехника мұғалімі Айдос Арасаттың көмегімен су диірмені, суүсті көпірі секілді басқа да ерекше жобаларды жүзеге асырған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл