Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Рамазан айында пойыз жолаушыларына құрма мен су тегін ұсынылуда
Жаңалықтар

Рамазан айында пойыз жолаушыларына құрма мен су тегін ұсынылуда

12.03.2025
1 мин
1
130
Сурет: КТЖ

Рамазан айында Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында жолаушыларға құрма мен су тегін ұсынылуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

 Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасиетті Рамазан айында Ұлттық тасымалдаушының пойыз жолсеріктері жолаушыларға ерекше құрмет көрсетуде. Барлық бағыттар бойынша жолаушыларға құрма мен су тегін таратылуда. 

Сонымен қатар вагон-мейрамханалардың жұмысы Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы кестеге көшті. Мейрамханалар күн сайын 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сәресі (сухур) уақытына орай 04:00-ден 05:30-ға дейін ашық болады. Бұл жолаушыларға таңғы асты уақытылы ішуге мүмкіндік береді.

Ораза ұстаған жолаушылар үшін 18:00-ден 20:00-ге дейін вагон-мейрамханалардағы тағамдарға 10% жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ ауызашар (ифтар) уақытында жолаушыларға су мен құрма тегін ұсынылады.

Ұлттық тасымалдаушы барлық жолаушыларды өзара құрмет пен түсіністік танытуға, пойыз ішіндегі тазалықты сақтауға және денсаулықтарына мұқият қарауға шақырады.

Жолға шықпас бұрын денсаулық жағдайын тексеріп, дәрігерден кеңес алу ұсынылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айгерім 12.03.2025
құрма берді суды көрмедік????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл