Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева Мемлекеттік рәміздер күні елордада қандай шаралар өтетінін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп.
Оның айтуынша, Астана қаласының әкімдігі елордада мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, патриотизмді, елдің тарихы мен мәдениетіне құрметті дамыту жұмыстарын атқарып келеді.
«Биыл ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, қалалық жоспарға сәйкес, 600-ге жуық имидждік іс-шаралар өткізіледі. Бұл көрсеткіш былтыр өткен шаралармен салыстырғанда шамамен үш есеге көп. Оның ішінде түрлі танымдық сайыстар, сурет пен шығарма байқаулары, жалаушалар тарату акциясы, кездесулер, семинар, мерекелік концерттер, шеру сынды шаралар бар», - деді Ә. Молдабаева Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, көшелер мен алаңдарда, сауда орталықтарында, қоғамдық көліктер мен әуежайдағы LED-экрандарда мемлекеттік рәміздер туралы аудио және бейнероликтер көрсетіліп, елорда тұрғындары арасында «Қазақстанның Туын қолда», «Менің Туым – менің мақтаныншым» атты жаппай челлендж ұйымдастырылады.
«Осы ретте әкімдік мерекелік шаралармен қатар жыл бойы қала аумағында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» заң талаптарының сақталуына мониторингті тұрақты түрде жүргізіп отырады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қолдану мен насихаттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары елордамызда әрі қарай жоспарлы жүйесін табады», - деді Әйгерім Молдабаева.
Фото: kazaknews.kz