Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87%-ы (7 820 918 азамат) бюллетень алды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
1. Абай облысы бойынша – 69,57%
2. Ақмола облысы бойынша – 71,63%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11%
4. Алматы облысы бойынша – 68,71%
5. Атырау облысы бойынша – 63,28%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%
7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28%
8. Жетісу облысы бойынша – 68,01%
9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12%
10. Қостанай облысы бойынша – 73,45%
11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03%
13. Павлодар облысы бойынша – 65,09%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31%
15. Түркістан облысы бойынша – 75,31%
16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79%
18. Астана қаласы бойынша – 50,81%
19. Алматы қаласы бойынша – 25,39%
20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%
Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.