Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
6 қазан күні елімізде АЭС бойынша референдум өткізіледі. ІІМ мәлім еткендей, полиция қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгіннен бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауысты. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізілетін болады. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады. Полиция қызметкерлері бюллетеньдер жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқаратын болады.
Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізуге атсалысады. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық сақшы қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы дауыс беру учаскелерінде. Ішкі істер органдары референдумның тыныш жағдайда өтуі үшін барлық шараны қабылдайды.