Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Ресей Қазақстанға амур жолбарыстарын жібермек
Жаңалықтар

Ресей Қазақстанға амур жолбарыстарын жібермек

14.11.2025
мин
0
324
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстан мен Ресей табиғатты қорғау саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Екі ел амур жолбарысын Қазақстан аумағына қайта жерсіндіру бойынша бірлескен жоспарға қол қойды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған мемлекеттік сапары барысында амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Құжатқа Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Ресей министрі Александр Козлов қол қойған.

Жоба – Орталық Азияда баламасы жоқ, жойылып кеткен жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге бағытталған ауқымды бастама. Келісім аясында Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын береді.

Бұл – кеше қол қойылған Қазақстан–Ресей үкіметаралық құжаттарының бірі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл