Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресейден келген дәрігерлер Қазақстандағы ауруханаларға жұмысқа орналаса алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
«Қазақстанда еңбек мигранты ретінде жұмыс істеуге қызығушылық танытқан ресейлік дәрігерлер ЕАЭО заңнамасы аясында біздегі ауруханаларға жұмысқа онналаса алады. Осы орайда олар тиісті талаптар мен ережелерді толық сақтау керек», - деді Ажар Ғиният.
Оның сөзінше, бірінші кезекте олардың дипломдары бізде мойындалуы тиіс. Екіншіден, ресейлік дәрігерлер сертификаттаудан өтуге міндетті болады.