Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Роман Скляр екінші АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты
Жаңалықтар

Роман Скляр екінші АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты

17.06.2025
1 мин
0
199
Сурет: dauletten.kz

Вице-премьер Роман Скляр Қазақстанда салынуы ықтимал екінші атом электр станциясының мердігері қашан анықталатынын айтты. Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты нақты шешім күзде қабылдануы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

– Күзге таман барлығы белгілі болады деп ойлаймын. Бұл істі созбаймыз. Сол уақытта нақты сандар мен деректер пайда болады. Бәлкім, одан ертерек те шешілуі мүмкін. Станцияның қай жерде салынатыны да сол кезде белгілі болады, – деді Роман Скляр.

Ол техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық құжаттама дайын болмайынша, екі АЭС-тің нақты құны туралы айту мүмкін емес екенін атап өтті.

Бұған дейін Қытайдың CNNC компаниясы Қазақстанда АЭС салу жобасы аясында Ресеймен бәсекеге түсіп жатқаны хабарланған. Сарапшылар Қытайдың ядролық жобада Ресейден озық келе жатқанын, әсіресе ұсынылған бағалар бойынша бәсекеде алға шыққанын айтқан.

Атомдық энергия жөніндегі агенттік CNNC компаниясы еліміздегі екінші АЭС құрылысын жүзеге асыратын консорциумның көшбасшысы болатынын растаған.

Сондай-ақ, Ресейлік “Росатом” компаниясының Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын жүргізетіні белгілі болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл