Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Садақ ату, қымызбен емдеу, киіз үйдегі терапия: Шипажайдағы халық медицинасы
Жаңалықтар

Садақ ату, қымызбен емдеу, киіз үйдегі терапия: Шипажайдағы халық медицинасы

26.06.2023
1 мин
0
970

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ағзаны сауықтыру – «Оқжетпес» шипажайының негізгі бағыты. Кейінгі жылдары мұндағы емдеу шаралары да, сауықтыру бағдарламасы да қазақи нақышпен қанықтырылып жатқаны туралы жиі айтылып жүр. Сондықтан сауықтыру кешеніндегі өзгерістер жайлы Dauletten.kz айтады.

«Оқжетпес» - тарихы 1964 жылдан басталатын елдегі ең байырғы санаторилердің бірі. Совет заманының қарабайыр сәулет стилімен салынған, бөлмелері ыңғайсыз үш қабатты ғимарат қазір адам танымастай өзгерген. Айналасына жаңа емдеу ғимараттары жайғасып, бір кездегі сұсты шипажай қазір тән мен жанға қатар жайлылық сыйлайтын аялы қонысқа айналған. Бұл кешен – Қазақстанды қойып, Орталық Азиядағы European Quality Award сертификатын алған алғашқы санаторий. Былтырдың өзінде мұнда 10 мыңнан астам демалушы келген. Шипажай өкілдері келушілердің 99%-ы жағымды әсермен, алғыс жаудырып қайтатынын айтады.

Биыл шипажай «Kazakh Nomad Resort» тұжырымдамасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы халық медицинасын ұсынады. Оған: табиғи емдік шөптермен емдеу, қымыз терапиясы, киіз үйдегі релаксация кіреді. Одан бөлек, шипажай аумағындағы этно-ауылда әр бейсенбі қазанда пісірілген ыстық бауырсақ, садақ ату ұйымдастырылған. 


Одан бөлек, әр бөлме қазақи интерьермен сәнделген. Мұның бәрі  – Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының бір бөлшегі. Қазақи стильде безендірілген бөлмелер, қымыз, бауырсақ, жент пен жаңа ұйытылған айран Kazakh Nomad Resort тәсілінің шипасына тән мен жанды қатар иландырады.

«Біз қазақ мәдениетінің ең бай элементтерін, дәстүрлерін қызметімізге, тамақ мәзіріне, бөлмелерді нақыштауға пайдаландық. Көл жағасындағы 100 метр сайын орнатылған тақтайшалар арқылы сейіл құра жүріп емдік серуенге қалай бойлап кеткеніңізді аңдамай қалуыңыз мүмкін. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат хикаясы да осы тақтайшаларда бейнеленген. Әр тақтайша қазақ тарихының бір кезеңін суреттейді. Мұның бәрі тән мен жанды қатар емдеу үшін ойластырылған», - дейді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерлигов.

Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының маңызды жаңалығы – киіз үй терапиясы. Санаторий аумағында психологиялық арылуға арналған киіз үй-бөлме жайғасқан. Келушілер киіз үйдің шипалы ауасымен тыныстап, денені босаңсытатын саз тыңдайды, медитация жасап, от тұтатып, оның хош иісінен ләззат алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл