Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Санжар Жаркешов 2024 жылдың 9 айындағы ұлттық компанияның жұмыс қорытындылары туралы есеп берді.
Сонымен қатар, ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы және транзиттік әлеуетті дамыту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
Ол «Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші желісінің және Алматыдағы 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ға арналған газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталғанын, жаңа "Талдықорған – Үшарал" магистральды газ құбырының құрылысы басталғанын, Өзбекстанға газ транзитін ұлғайту үшін "САЦ" жүйесін жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бұдан бөлек, ресурстық базаны кеңейту бойынша жұмыс туралы ақпарат берді:
Қазақстан экономикасында тауарлық газ тұтынуының қарқынды өсуін ескере отырып, газ саласының геологиялық барлау жобаларына шетелдік инвестициялар тартылды.
Ақтөбе облысында геологиялық барлау жүргізу үшін Chevron компаниясымен 100% carry-қаражаттандыру шарттарымен келісімге қол қойылды.
Санжар Жаркешов газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, газға адекватты тарифтер мен көтерме бағаларды қамтамасыз ету бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді орындау үшін Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлескен жұмыстар туралы баяндады.
Президент халық пен экономика үшін тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, жылыту маусымында, сондай-ақ саланы одан әрі реформалау және газ тасымалдау жүйесінің қуаттарын кеңейтуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.