Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сарапшылар: Қазақстанда доллар бағасы 600 теңгеге жетуі мүмкін
Жаңалықтар

Сарапшылар: Қазақстанда доллар бағасы 600 теңгеге жетуі мүмкін

14.08.2025
1 мин
0
384

Доллар бағасы тағы да қымбаттауы ықтимал. Сарапшылардың болжамынша, оның құны 600 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Экономист Бауыржан Ысқақтың айтуынша, бұрын доллар бағамын трансферттер арқылы тұрақты ұстап тұру мүмкін болған. Алайда, үкіметке тікелей тапсырма берілгеннен кейін оны ұстап тұру немесе құнын өсірмеу мүмкіндігі азайып отыр. Бұл доллар бағасының өсуіне ықпал етеді.

- Валютаны үш түрлі валютада сақтау керек. Міндетті түрде 30 пайызын өзіміздің теңгеде, ал қалған бөлігін доллармен және юань немесе еуромен сақтау қажет, – деп кеңес берді маман.

Теңге алғаш айналымға енген кезде 1 доллардың бағасы шамамен 4 теңге 76 тиын болған. Содан бері доллар бағамы жүз есеге артты. Әсіресе 2015 жылдан бастап күрт өсе бастады. Соңғы төрт жылда да ауытқуы байқалды: 2020 жылы – 424 теңге, 2021 жылы – орташа есеппен 427 теңге, 2022 жылы көктемде – 480 теңге, 2023 жылы – 429 теңге шамасында саудаланды.

Биыл доллар бағамы 500 теңгеден асып отыр. Бұл жағдай келер жылы 600 теңге болады деген болжамның негізсіз еместігін көрсетеді.

Еске сала кетейік, екі жыл бұрын Қазақстан үкіметі 2023–2027 жылдарға арналған экономикалық даму жоспарын жасап, үш сценарий ұсынған болатын. Базалық сценарийде доллар бағамы 470 теңге, оптимистік жағдайда – 440 теңге, ал пессимистік сценарийде – 500 теңге деңгейінде болады деп көрсетілген. Бірақ қазіргі көрсеткіш межеден асып отыр.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, қаржы реттеушісі валюта нарығындағы жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр. Қажет болған жағдайда, бағамның тұрақсыз ауытқуын болдырмау, валюта сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігін қалпына келтіру және нарықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын екені айтылды

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл