Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
19 наурызда белгілі бір себептерге байланысты тұрақты тіркеуі жоқ дауыс беруші азаматтар уақытша өз аумағындағы учаскеде тіркеле алады. Ал 20 наурыз күні автоматты түрде тіркеуден шығарылады, деп хабарлады Dauletten.kz Азаматтарға арналған үкіметке сілтеме жасап.
Қазақстан бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары жұмыс істеп, сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс бере алу жағдайын жасау үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады.
ХҚКО мамандары тіркеу қызметтерін сайлау күні сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін рәсімдейді.
Егер азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болса, дауыс беру үшін өзінің мекенжайына жақын сайлау учаскесі орналасқан мектепке, колледжге немесе университетке жүгіне алады. Бірақ, 20 наурыздан бастап азамат автоматты түрде бір күндік тіркелген жерінен шығарылады.
Айта кетейік, бұл қызметті тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген қазақстандықтар ғана рәсімдей алады.
ХҚКО мамандары жұмыс істейтін сайлау учаскелерінің мекенжайларын сілтеме арқылы көруге болады