Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
20 қарашасына тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына орай бүгін кандидаттар арасында өткен телевизиялық пікірсайыс өз мәресіне жетті.
Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев мемлекетімізді дамытудың 3 бағытын атады. Бірінші бағыт – тек біздің ұлтымызға ғана тән дала демократиясы принципін орнату. Екінші бағыт – сана-сенімізді жаңартып, әр азаматты жоғары мәдениеттілікке шақыру. Үшінші бағыт – Қазақстанды ауылдары дамыған агродержаваға айналдыру.
«Кәсіпті қолға алып, елді асыраймын дейтіндерге жол ашық болуы керек. Оған қажетті бастапқы капитал – субсидия, несие еш кедергісіз берілуі тиіс. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген фермелер салықтың барлық түрлерінен босатылуы керек», – деді ол.