Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Орталық сайлау комиссиясы президент болуға үміткер алты кандидатты ресми түрде бекітті, деп хабарлады «Хабар 24». Тізімде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, оппозиция өкілі Нұрлан Әуесбаев және Салтанат Тұрсынбекова бар.
Орталық сайлау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссиялары әр кандидатты насихаттайтын баспа материалдарына қажет стенд, билборд секілді орындарды теңдей қып белгілеуі тиіс. Ал, сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бүгін сағат 18:00-де басталды.
Үгіт-насихат негізінен үш тәсіл арқылы жүргізіледі. Кандидат өз бағдарламасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарата алады. Сондай-ақ кандидаттардың өзі және сенім білдірілген адамдары сайлаушылармен кездеседі. Радио арқылы да үгіт жүргізуге мүмкіндік беріледі.
Ал қарашаның жиырмасында Қазақстан халқы өз президентін таңдайды.