Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін мемлекет басшысы Парламенттің Жоғарғы палата депутаттарын сайлайтын күнді бекітті. Ол 12-тамызда өтпек. Президент Жарлығын бірден орталық сайлау комиссиясы да іліп әкетті. Бұл сайлаудың ережесі сол қалпында, тек ақшасында ғана айырмашылық бар. Үш жыл бұрын Сенат сайлауына 92 миллион теңге жұмсалса, осы жолы 254 миллион теңгеден аса қаржы бөлінгелі отыр.
Сайлау қорытындысы 18 тамыздан кешіктірілмей шығарылуы керек: яғни дауыстарды санауға 6 күн беріледі. Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев cенат депутаттарының сайлауы өтетін күнді бекіткен болатын. Ақорданың ресми сайты мәлім еткендей, президент Қазақстан республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулы қабылдады.
Тағы көру