Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы өтуі мүмкін деген сыбысқа қатысты сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әшімбаев бұл тақырыпта түрлі әңгімелер айтылып жатуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
- Мұндай әңгімелер кең тарады деп айта алмаймын. Біреулер тарапынан осындай ақпарат таратылған шығар. Алайда қазіргі жағдайда мерзімінен бұрын сайлау өтеді деуге еш негіз жоқ, – деді ол Сенат кулуарында.
Сондай-ақ, Әшімбаев кейде Сенат пен Мәжілісті біріктіру туралы ұсыныстардың айтылып қалатынын атап өтті.
- Меніңше, бұл – елді елеңдету, мәнсіз пікірталас тудыру мақсатындағы бос әңгіме. Біз, керісінше, елдің дамуы, экономика мен бизнесті ілгерілету сияқты маңызды мәселелерге көңіл бөлуіміз қажет, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырған еді. Ол 27 маусым күні сағат 10:00-де Астанада өтеді.