Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сенат Ұлттық қордан қаржы алу туралы құжатты мақұлдады
Жаңалықтар

Сенат Ұлттық қордан қаржы алу туралы құжатты мақұлдады

21.11.2024
1 мин
0
181
Сурет: inbusiness.kz

Сенат Ұлттық қордан қаржы алу туралы құжатты мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгін Үкіметтің барлық мүшелері Парламенттің жоғарғы палатасына келіп, "2025-2027 жылдарға арналған бюджет" және "Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт" туралы заң жобасын таныстырды.

Құжатқа сәйкес, әр үш жыл сайын Ұлттық қордан 2 трлн теңге алу жоспарланып отыр.

Кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 доллар, 2026-2027 жылдары барреліне 41 және 39,4 доллар деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы – 62,2 млрд доллар, 2026-2027 жылдары 69,9 және 78,7 млрд доллар болады, - деді ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл