Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі Сербиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz, Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстаннан тыс жерлерге қашып кеткен заңбұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
"Биыл 18 қарашасында "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады. Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.
Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Осыған байланысты күдіктілерге қатысты соталды тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Жасаған қылмыстары үшін мүлкін тәркілеу мен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазір ұсталған күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айта кетейік, фигурант Қазақстан мен Сербия арасындағы "Ұстап беру туралы" шарты бойынша экстрадицияланған.