Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорған сотының үкімімен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бүгін қашқын генерал-майор Талдықорған соты өткен болатын. Экс-полицей сотта соңғы сөзін айтты. Күдебаев қаңтар оқиғасы кезінде өз халқына оқ атпағанын мәлімдеп, кінәсін мойындамады.
Еске салсақ, 27 сәуірде Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталғаны хабарланды.
Серік Күдебаев 23 наурызда қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Ал 3 сәуір күні экс-полицейге іздеу жарияланғаны белгілі болды.
ҰҚК шетелге қашқан Күдебаевтың шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді.