Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оңтүстік Корея астанасында жүздеген адам көшеге шығып, президент Юн Сок Ёльді биліктен импичмент арқылы кетіруді талап етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Наразылық барысында белсенділер қоршауды бұзып, президент сарайына кіруге тырысты. Алайда полиция олардың жолын бөгеп үлгерді. Бұған дейін мемлекет басшысы теледидар арқылы үндеу жасап, оппозиция өкілдерінің ашуын туғызған болатын. Өткен аптада Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Президентке бүлік ұйымдастырды деген айып тағылғанымен, ол: "Биліктен кетпеймін, соңына дейін күресемін", - деп мәлімдеген. Импичмент бойынша дауыс беру 14 желтоқсанда өтеді.
Чон Мин Гён, ереуілші:
– Президент Юн Сок Ёльдің кешегі мәлімдемесі менің ашуымды келтірді. Сондықтан осы шеруге қатыстым. Оның айтқандарының бәрі – бос сөз. Ол қызметінен кетуі керек.