Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында зиянкес шегірткелерге қарсы күрес мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі ел арасында өткен онлайн конференцияда ынтымақтастық мәселесі мен зиянкестерге қарсы шаралар талқыланды. Биыл шегірткелермен күреске бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.
Өткен жылы елімізде шегірткелерді улау жұмыстары 515 мың гектарға жүргізілгенін, ал биыл зиянкестер 640 мың гектар жерге таралуы мүмкін екені айтылды.
Мемлекеттен бөлінген 2 млрд теңге белгіленген аумақтарға пестицидтер мен химиялық өңдеу заттарын сатып алуға толық жеткілікті.
Қазіргі кезде Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитеті зиянкестердің таралу ошақтарын анықтау және химиялық өңдеу жүргізу жұмыстарын уақтылы бастау үшін дайындық іс-шаралары аяқталуда.
Айта кету керек, биыл Ресей Федерациясы 590 мың гектарға жуық аумаққа зиянкес шегірткеден қорғану жұмыстарын жүргізеді, деп болжанып отыр.
Онлайн-кеңестің қорытындысы бойынша 2021 жылға арналған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекара маңы аумақтарында зиянкес шегірткенің таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Тағы көру