Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Серік Күдебаев ұсталып, елге жеткізілді. Бұл туралы Dauletten.kz хабарлайды.
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында БАҚ өкілдері Бас прокурор Берік Асыловтан: «Күдебаевтың ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені жайлы ақпарат рас па?» деп сұраған еді.
"Иә", - деп жауап берді Бас прокурор.
Сондай-ақ ол Серік Күдебаевтың Түркиядан жеткізілгенін де айтты.
Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді.
Айта кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.
Фото: ашық дереккөзден