499.83
581.5
6.42
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шетелге жұмыс істеуге барамын деп сан соғып қалмаңыз
Жаңалықтар

Шетелге жұмыс істеуге барамын деп сан соғып қалмаңыз

05.03.2026
мин
0
97

Шетелге жұмыс істеуге барамын деп сан соғып қалып жатқан азаматтар жоқ емес. Сондықтан ІІМ азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландырулар арқылы азаматтарды шетелдегі “жалақысы жоғары жұмысқа” тарту деректері көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен түрлі хабарландыру сайттарында табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз деп хабарландыру жасайды. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таратылады.

Алайда шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін:

  • жеке куәлігі мен өзге де құжаттарының қолды болуы;

  • еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің шектелуі;

  • интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларға күштеп тартылу;

  • уәде етілген жалақының берілмеуі;

  • “босатып жіберу” немесе елге қайтару үшін ақша талап ету;

  • қысым көрсету, қорқыту.

Сақтық үшін мыналарды ескерген жөн:

  • шетелге жұмысқа тек ресми тіркелген, лицензиясы бар агенттіктер арқылы барыңыз;

  • жұмыс беруші туралы мәліметті және келісімшарт талаптарын жан-жақты тексеріңіз;

  • құжаттарыңыз бен жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаңыз;

  • сапар бағыты мен баратын жеріңіз туралы жақындарыңызға алдын ала хабар беріңіз.

Егер күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс.

Ведомство өкілдері азаматтарды қырағы болуға және интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл