518.31
567.96
6.03
Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шілде айында жинақ депозиттер пайызы қандай болмақ?
Қаржылық сауат

Шілде айында жинақ депозиттер пайызы қандай болмақ?

02.06.2020
2 мин
10
2321

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің бекітілгендігін хабарлайды.

12 және 24 айға қабылданған жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын шекті мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалады, яғни толықтырылатын түрі - 12,9% және сәйкесінше толықтырылмайтын түрі - 14,9%. Бұл ретте осы мерзімдерге ашылған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер толықтырылатын түрі бойынша 0,1 пайыздық тармаққа (бұдан әрі – п.т.) және толықтырылмайтын түрі бойынша 0,3 пайыздық тармаққа азаяды.

Айта кетелік, 12 және 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер орташа алынған нарықтық сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептеледі.

ҚДКБҚ қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін баяу төмендету туралы бұған дейін қабылдаған шешіміне сәйкес базалық мөлшерлемеге қатысты спредті 1 п. тармаққа төмендетті. Осылайша 9,5 пайыз болатын қазіргі қолданыстағы базалық мөлшерлеме мен жеке тұлғалардың салымдары бойынша бұған дейін бекітілген мөлшерлемелер арасындағы алшақтық біртіндеп азайтылды.



Соның нәтижесінде теңгедегі мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 10,0% деңгейінде бекітіледі. Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 ай мерзімге арналған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер - 10,0 %, толықтырылмайтын түрі бойынша - 10,5 %-ды  құрайды. Осы мерзімге арналған жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер, толықтырылатын түрі бойынша - 11,0 %-ға, ал толықтырылмайтын түрі бойынша 11,5 % - ға тең.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
10 Пікір
Р
Раушан 15.07.2020
Тусинбедим менде карапайым жалпак тилменде кортындылап жиберуге болмас па еди
Жауап беру
Б
Бота 22.06.2020
Менде түсінбедім қазіргі таңда кредит алған дүрыспа
Жауап беру
О
Олжас 13.06.2020
Вәщще түсінбедім Дәке
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
125
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл