Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жалпы құны 10,8 млрд теңге болатын жеті жоба іске қосылды.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, нысандар өз қызметін 2021 жылдың маусым айында бастады. Жаңа жобалар агроөнеркәсіп кешені мен туризм саласында жүзеге асырылды. Инвестицияның жалпы көлемі 10,8 млрд теңгеден асты.
Өңірде 7,9 млрд теңгеге май экстракциялық зауыты іске қосылды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 300 мың тонна шикізат шығарады. Аталмыш жоба екі кезеңде жүзеге асырылуда. Зауыт құрылысы 2019 жылы басталып, өндірістің екінші кезеңін 2022 жылдың желтоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ облыста қарақұмық жармасы өндірісі қолға алынды. Жобаны жүзеге асыруға 820,9 млн теңге жұмсалды. Нысанның қуаттылығы жылына 24,6 мың тонна өнімді құрайды.
Бұдан басқа, 300 млн теңгеге 2 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы және 10 млн теңгеге сүт-тауар фермасы ашылды. Оларды іске асыру есебінен 1,1 мың адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар өңірде жалпы инвестиция көлемі 1,8 млрд теңге болатын туристік салада үш нысан ашылды.