Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шығынға батқан
Жаңалықтар

Шығынға батқан "Қазақфильм": ұлттық киностудия түсірген фильмдер өз бюджетін ақтамайды

17.10.2024
1 мин
0
210
Сурет: kaztag.kz

"Қазақфильм" кино түсіруге 14,6 млрд теңге жұмсап, 695 млн теңге пайда тапқан​. Яғни ұлттық киностудиясы түсірген фильмдер өз бюджетін ақтамайды. Шығын көлемі - 95%-ға жетіп отыр. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының тілшісі айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл кемшілік жоғары аудиторлық палатаның тексерісі барысында анықталды. Коммерциялық тұрғыдан сәтті жобалардың жоқтығы, кассаның аздығы және фильм өндірісінің шектен тыс шығыны үшін студия талай жыл сынға ұшырап келеді.

Қазақстанның басты киностудиясы қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тек бұрынғы табыстың орнын қарыз бен шешілмей келе жатқан түйткілдер басқан.

- Фильмдердің 90%-ын жеке продакшндар мен компаниялар түсіреді. Неліктен қазір мұндай кассалық тапшылық пайда болды. Бұл киностудияның бюджетке қарап қалғанының нәтижесі. Яғни, бюджет бар болса жұмыс істейді. Бюджет жоқ кезде жұмыс істемейді. Бұл киностудияға қатты әсер етеді, өйткені киностудия кезінде жылына 40 фильмге дейін түсірген, - деді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы АҚ президентінің м.а Айдар Омаров. 

"Қазақфильм" қолдау көрсеткен 17 картинаға жалпы 14,6 млрд теңге бөлінді. Одан 695 млн теңге көлемінде қаржы түсті. Осылайша орташа экономикалық табыс — 4,8% деңгейінде қалып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл