Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша негізгі сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Істі Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Заң бойынша сотқа келуге міндетті болуына қарамастан Руслан Берденов процеске келмеді.
Алдын ала тыңдау 28 шілдеде өткен, ол кезде де Берденов сотқа қатыспаған. Сот оның негізгі процесте міндетті түрде қатысуы керектігін ескерткен.
Сот процесі мемлекеттік тілде, ашық режимде өтіп жатыр. Залға екі мемлекеттік айыптаушы, айыпталушы Ернар Жиембайдың жұбайы, әкім орынбасарының өкілі және тараптардың қорғаушылары кірді.
Айыпталушы Жиембай өзін фото және видеоға түсіруге қарсы екенін айтты. Оған ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі(кісі өлтіруге оқталу) және 24-бабының 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу) бойынша айып тағылған.