| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
28 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ұстады.
Күдіктіні іздеуге Шымкент қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Мегаполиске кіреберіс және шығаберіс бағыттарда бақылау күшейтілді.
— Күдікті қала шетінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақтан табылып, ұсталды, – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Полиция мәліметінше, ол марқұммен бұрын таныс болған.