| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте 15 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі шаш алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шымкентте 15 жастағы қызға шұғыл түрде ота жасалып, дәрігерлер оның асқазанынан салмағы шамамен 1 келі, ұзындығы 30 сантиметр болатын шаш шоғын алып шықты.
Жасөспірім балалар клиникалық ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, хирургиялық араласу сәтті өтіп, бөгде зат толықтай алынған.
Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оның жағдайын қадағалау мақсатында жансақтау және қарқынды терапия бөліміне орналастырылды.